Текст
12.04.2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеуі Құрметті отандастар! Бүгін мен еліміздің азаматтарына арнайы үндеуімді жолдап отырмын. Баршаңызға белгілі, қазір елімізде күрделі жағдай қалыптасып отыр. Қардың күрт еруіне байланысты аймақтарда су тасқыны болып жатыр. Бұл – табиғи апат. Мұндай ахуал ұзақ жылдан бері болмаған. Бұл көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат деуге болады. Су тасқынына байланысты еліміздің он аймағында төтенше жағдай жарияланды, яғни Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында. Атқарушы органдар жіберген олқылықтарды түзеу үшін мен шұғыл түрде нақты тапсырмаларды бердім. Қазір барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Үкімет қарғын судың салдарын жоюға бар күшін салуда. Премьер-Министрдің басшылығымен Республикалық штаб құрылды. Премьер-Министрдің өзі, оның орынбасарлары және Төтенше жағдайлар министрі апат болған аймақтарды аралап жүр. Барлық құтқару жұмыстары менің тікелей бақылауымда. Су тасқынымен күресуге Төтенше жағдайлар министрлігінің барлық ресурсы тартылды. Сондай-ақ құтқару жұмыстарына Ішкі істер министрлігі, Ұлттық ұлан, Қарулы Күштер және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары белсене атсалысып жатыр. Зардап шеккен аймақтардың әкімдіктері күндіз-түні жұмыс істеуде. Ондаған мың волонтер де көмектесіп жүр. Жағдай өте күрделі болса да, біз қиындықты міндетті түрде еңсереміз, барлығын қалпына келтіреміз. Ең бастысы – азаматтардың амандығы. Тасқын судан зардап шеккен азаматтарға айтарым, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды. Баршаңызға қаржылық және басқа да көмек беріледі. Материалдық шығындар толық өтеледі. Біз алапат су тасқынынан тиісті қорытынды шығаруымыз керек. Яғни, жіберілген олқылықтарды түзетіп, тиісті сабақ алуымыз қажет. Ал ондай сабақтар аз емес. Апаттардың алдын алу жұмысындағы кемшіліктен бастап, су шаруашылығы мамандарының тапшы болуы, табиғатқа немқұрайлы қарауға дейін көп мәселені реттеу қажет. Үкімет және жергілікті атқарушы органдар су тасқынымен күресті тиімді үйлестіріп отыруға тиіс.
12.04.2024
Тақырыбы: Жасөспірім және заң. Мақсаты: оқушылардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыру, заң алдындағы жауапкершілігін арттыру, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу. 10 "А" сынып, сынып жетекшісі: Садвакасова Р. Р.
12.04.2024
Тақырыбы: Ғарыш әлемі. Мақсаты: Оқушыларға ғарыш әлемі, қазақ ғарышкерлері жайлы түсінік беру. Оқушылардың ой-өрісін дамыта отырып, таным деңгейлерін кеңейту. Ғарышкерлерге деген сүйіспеншілік пен қызығушылыққа тәрбиелеу. 4 "А" сынып, сынып жетекшісі: Буркитбаева Ш. К.
12.04.2024
"Жасөспірім және заң", "Бала құқықтары" тақырыбындағы сынып сағаты. 7-8 "Б" сыныбының сынып жетекшісі Цыкалова Ю.С. өткізді.
12.04.2024
8 "А" сынып. Сынып сағатының тақырыбы: Жасөспірім және заң. Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру. Сынып жетекшісі: Искакова М. С.
12.04.2024
Көрнекті ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, өз елінің патриоты Қ. И.Статпаевтың 125 жылдығына орай "Қаныш Сәтбаев-тарихтағы тұлға" ақпараттық досьие.
12.04.2024
5 “А” сыныбында “Жасөспірім және заң”, “Бала құқықтары” атты тақырыбында сынып сағаты өтті. Мақсаты: Оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдетуге, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу. Сынып жетекшісі: Марат Г.
12.04.2024
3 "Б" сынып. "Ғарышкерлер күні" тақырыбындағы сынып сағаты. Мақсаты: оқушылардың ғарыш кеңістігін игеру туралы түсініктерін кеңейту; оқушыларды ғарышты игеру тарихымен,отандық космонавтика тарихымен; ғарышкер мамандығымен таныстыру. Мұғалім: Дитман Н. В.
12.04.2024
5 “Б” сыныбында “Жасөспірім және заң”, “Бала құқықтары” атты тақырыбында сынып сағаты өтті. Мақсаты: мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін тәрбиелеу. Міндерттер: 1) Оқушыларды еркелік, зиянды әрекет, теріс қылық, қылмыс ұғымдарын ажырата білуге үйрету. 2) Жасөспірімнің құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін бекіту. Сынып жетекшісі: Нәби Г.М.
12.04.2024
9 "Б" сыныбы. "Құқық және жасөспірім" тақырыбындағы сынып сағаты. Мақсаты: Сіздің құқықтарыңыз бен міндеттеріңіз туралы, осы ұғымдардың қалай байланысты екендігі туралы білу. Мұғалім: Жуманова Зауреш Курмангалиевна.