Текст
12.04.2024
"Төрт тоқсан - төрт өнер" жобасы аясында 6 "Б" сынып оқушылары арасында шахматтан турнир өткізілді. Дене шынықтыру мұғалімі: Каленов Ж.С.
12.04.2024
"Жаппай білім беру онкүндігі" аясында дайындалған ақпараттық стенд. Дайындаған: әлеуметтік педагог К.Хавай
11.04.2024
6 "Б" сыныбында жаратылыстану сабағы. Тақырыбы: "Түрлердің әртүрлілігі". Сабақтың мақсаты: экожүйелердің әртүрлілігімен байланысты түрлердің әртүрлілігін анықтау. Мұғалім: Зәуреш Құрманғалиқызы Жұманова.
11.04.2024
Бүгін мектебімізде "Ел барда, ер ұмытылмайды" тақырыбында Жалпыхалықтық диктант өткізілді. Оқушыларымыз белсенді қатысты.
11.04.2024
"Алтынды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де 3-5 сынып оқушыларымен "Денсаулыққа апаратын жол" тақырыбына сұрақ-жауап өткізілді. Жауапты: Садырбаева А.Х.
11.04.2024
Сабақтың тақырыбы: Т.Ахтанов "Күй аңызы" әңгімесі. Мақсаты: автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау. 8-сынып қазақ әдебиеті. Өткізген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Искакова М.С.
11.04.2024
Оқушыларға арналған жадынамалар "Есірткіге жол-ЖОҚ!"Біз өмірді таңдаймыз Мақсаты: жоғары сынып оқушыларында жаман әдеттердің алдын алу. * Нашақорлықтың жастардың денсаулығына кері әсерін түсіндіру. * Нашақорлықтың адам денсаулығына әсерін ашу, нашақорлық проблемасының жеке тұлға үшін де, қоғам үшін де өзектілігі мен маңыздылығын көрсету * Нашақорлыққа теріс көзқарасты тәрбиелеуге ықпал ету; * Балаларды жаман әдеттерге қарсы тұруға, құрдастарының қысымына қарсы тұруға үйрету; Жауаптылар: Нурпеисова С. С., Хадил А.
11.04.2024
Тақырыбы: Бекіту. Мақсаты: Бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоротимін және кері алгоротимін қолдану. 2-3 "А" сынып жетекшісі: Молдаханова К. Р.
11.04.2024
Сынып сағаты. Тақырыбы: Жаяу жүргіншілерге арналған жол жүру ережесі. Мақсаты: оқушыларға жаяу жүргіншілерге арналған жол қозғалысы ережелері туралы түсінік беру. 6 "А" сынып жетекшісі: Даулетхан Нургул.
08.04.2024
"Алтынды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де 9 сынып оқушылары арасында "Салауатты өмір салты" тақырыбында пікірсайыс өткізілді. Жауапты: Садырбаева А.Х.