Текст
27.03.2024
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай "Сәкен" ауылы қазақ халқының беташар салт-дәстүрін көрсетті. Беташар — қазақтың келін түсіргенде жасалатын салтының бірі. Дәстүрлі беташар, әдетте, тойға жиналған халық тарқар кезде өткізілген.
27.03.2024
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай "Ыбырай " ауылындағы бесікке салу салт-дәстүрінен үзінді. Бесікке салу — нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке саларға шақырылған ауыл-үйдің әйелдері шашуын, жол-жоралғысын ала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі ұрпақ өсірген қадірменді әйелге тапсырылады. Ол өзінен басқа тағы бір-екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды, сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға тәтті үлестіреді. Осыдан кейін бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Жауаптылар: Молдаханова К. Р. Рыжикова В. А., Досымова Б. К. Буркитбаева Ш. К., Скиртач О. А. Дитман Н. В.
https://www.instagram.com/p/C4yI_a-Kti5/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
27.03.2024
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай "Абай" ауылы Жарапазан дәстүрін көрсетті. Жарапазанның негізгі мақсаты — осы қасиетті айда ислам дінін насихаттау, халықты жақсылыққа шақыру. Ол туралы Ахмет Байтұрсынұлы: «Жарапазан — Рамазан деген сөзден шыққан, ораза уақытында балалар, бозбалалар түнде үйдің тысында тұрып, жарапазан өлеңін айтады. Ораза ұстаған адамдар сауап болады деп, жарапазан айтқандарға құрт, май, ірімшік, бір шаршы шүберек, басқа сол сияқты нәрселер береді. Жарапазанды кәсіп етіп, ораза уақытында ел аралап, күндіз жүріп айтатын үлкен адамдар болады. Жарапазанды екі адам болып жүріп айтады. Бірі жарапазан айтқанда, екіншісі қостаушы болады»,- деп жазған екен. Жауаптылар: Нурпеисов Е. К., Каменова П. С., Каменов А. З.
https://www.instagram.com/p/C4yIb0yKqC9/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
27.03.2024
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай "Жамбыл" ауылындағы тұсау кесер салт-дәстүрінен үзінді. Тұсаукесер – сәби бесіктен шығып, еңбектеуден өткен соң, қаз тұрып, тәй-тәй басқанда жасалатын дәстүр. Бала екі табанымен тұрып, алғашқы қадам жасауға талпына бастаған сәтте дана қазақ “баламыз тез жүріп кетсін” деген ниетпен, сәбидің тұсауын кестіріп, думандатын той жасайды. Жауаптылар: Садвакасова Р. Р., Искакова М. С., Цыкалова Ю. С.
27.03.2024
Алтынды ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің мектепалды сыныбы. Жетекшісі: Қуанышова Д. З.
https://www.instagram.com/reel/C4yC0fCK6qv/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
27.03.2024
"Алтынды ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің" КММ жанындағы "Балапан" шағын орталығы "Қош келдің, Әз -Наурыз" атты ертеңгілігі өтті. Жауапты тәрбиешілер: Мерген Г. Мусахан Ж.
https://www.instagram.com/reel/C4w3PF3q_j4/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
27.03.2024
"Туберкулездің алдын алу" тақырыбында әңгіме өткізілді. Мектептің медицина қызметкері: Меняйлова Т. В. өткізді.
27.03.2024
"Алтынды ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің" КММ жанындағы "Балапан" шағын орталығы. Жауапты тәрбиешілер: Мусахан Ж, Мерген Г.
https://www.instagram.com/p/C4sh8XzqYYc/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
27.03.2024
Ұлттық киім күні. Наурызнаманың онкүндігінде еліміздің барлық өңірінде ұлттық киімдерді насихаттау бағытталған түрлі іс-шаралар өткізілуде. 19 наурыз күні "Алтынды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ- де " Ұлттық киім-ұлттық құндылық" атты челленджі ұйымдастырылды. Ұлттық киімдер күні құтты болсын!
https://www.instagram.com/reel/C4sg_g4qypu/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
27.03.2024
0 "А" сынып. Тақырыбы: Біз нені үйрендік, нені білдік?. Мақсаты: дыбыстық талдау туралы алған білімдерін пысықтау. Сөзді буынға бөлу дағдыларын жетілдіру, берілген дыбысқа сөз құрай алуға жаттықтыру, дыбыстық талдау жасай білу дағдыларын жетілдіру. Мектепалды сыныбы жетекшісі: Куанышева Д. З.