Текст
23.04.2024
Су тасқыны кезінде жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша халыққа ақпараттық-түсіндіру жұмыстары. Мектеп қызметкері: Михайлова Т. В.
23.04.2024
19.04.2024 ж. мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібі: 1. 2023-2024 оқу жылының 3 тоқсан бойынша білім сапасының қорытынды есебі. 2. 2023-2024 оқу жылының 3 тоқсан бойынша тәрбие жұмысының қорытынды есебі. 3. Темекі, насвай шегудің алдын алу, ата-аналар мен кәмелетке толмағандарды жазалау шаралары. (Мектеп медбикесі Миняйлова Т.В.) 4. Су тасқыны бойынша жаднама тарату (Мектеп медбикесі Миняйлова Т. В.) 5. Әртүрлі
23.04.2024
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында ата-аналардың педагогикалық қолдау орталығының кезекті жиналысы 1-4 сыныптардың ата-аналары үшін өткізілді. Тақырыбы: “Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер”. Мақсаты: Ата-ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау. Өзін-өзі тануына бағыт беру, тәрбие жайлы пікір бөлісу, балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі жайында түсіндіру. Ата- аналарды өздерінің балаларының жан-дүниесін түсінуге шақыру, бала тәрбиесінің аз да болса жоғарылауына ықпал ету. Өткізген: 1 "А" сынып жетекшісі Досымова Б. К.
https://www.instagram.com/reel/C6DLfQ2KvWW/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
23.04.2024
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында ата-аналардың педагогикалық қолдау орталығының кезекті жиналысы 5-8 сыныптардың ата-аналары үшін өткізілді. Тақырыбы: «Әр нәрсенің өлшемі бар...»: Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу. Мақсаты: Жан-жақты қалыптасып дамыған, қоғамдық белсенділігі артқан, әлеуметтік-толық қамтылған адамгершілігі мол тұлғаның қалыптасуы. Жауапты: Марат Үмм Г.
https://www.instagram.com/reel/C5_P7-xKVes/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
23.04.2024
“Мағжан оқулары” ғылыми-шығармашылық байқауының аудандық кезеңінде “Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған” номинациясында 2-орынды 7 “А” сынып оқушысы Жәлел Дәулет иеленді. Құттықтаймыз! Жетекшісі: Каменова К.С.
19.04.2024
Психологиялық қолдау аясында ТЖ кезінде оқушылармен әңгіме жүргізіліп, ақпараттық жадынамалар таратылды. Педагог-психолог: С.С.Нурпеисова
19.04.2024
"Алтынды ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің" КММ жанындағы "Балапан" шағын орталығы. Құрастыру сабағы. Үстел үсті ойыны. Тақырыбы: Менің үйім. Мақсаты :Түрлі түсті ағаштар көмегімен өз уйін құрастыру. Жауапты тәрбиешілер: Мусахан Ж. Мерген Г.
17.04.2024
4 "Б" сыныбында қазақ тілі сабағы. Тақырыбы: “Ғаламшарлар”. Сабақтың мақсаты: Ғаламшар атауларымен танысу. Мұғалім: Каменова К. С.
16.04.2024
Ана тілі. 1 "А" сынып. Сабақтың тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздер. “Доп та керек, дос та керек”. Мақсаты: 1.2.5.1. Мұғалімнің қолдауымен мәтіннің, сюжетті суреттің мазмұны бойынша сұрақ қою, сұраққа жауап беру. 1.4.2.1. Заттың атын білдіретін сөздерді ажыратып, орынды қолдану. Адамға қатысты сөздерге кім?кімдер? Заттар мен жануарларға не? нелер? сұрақтарын қойып ажыратады? 1.3.6.1. Жазу жолын, жолдың жоғары және төменгі сызықтарын сақтап әріп элементтерін көркем жазу талаптарына сай жазу. Бастауыш сынып мұғалімі: Досымова Б.К.
https://www.instagram.com/p/C5x5sINKpw6/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
16.04.2024
"Алтынды ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің" КММ жанындағы Балапан шағын орталығы. Сурет бояу сабағы. Тақырыбы: Мен ғарышкер боламын. Жауапты тәрбиешілер: Мусахан Ж. Мерген Г.