Текст
26.04.2024
5 “А” сынып. Сынып сағатының тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш! Мақсаты: Елімізді дүниежүзіне таныта білген мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін жан-жақты дамыту, әрбір бөлшегіндегі ұлтты символиканы ұғындыру, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңыздылығын, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін түсіндіру. Сынып жетекшісі: Марат Үмм Г.
26.04.2024
11 "А" сынып. Сынып сағатының тақырыбы: Мемлекеттік рәзімдер-ұлттық мақтаныш! Мақсаты: оқушыларды ұлтжандылыққа, өз елін, жерін, атамекенін сүюге тәрбиелеу, елі үшін мақтаныш сезімін бойларына ұялату. Сынып жетекшісі: Байжанова А.А.
26.04.2024
18.04.2024 ж. ЦППР ата-аналар жиналысы өтті. Тақырыбы: "қажет" пен "қалау" арасындағы тепе-теңдікті қалай сақтауға болады. Мақсаты: ата-аналардың жасөспірімге қойылатын талаптар мен оның тілектері арасындағы тепе-теңдікке жету қабілетін, ата-аналар мен балалар арасындағы оң қарым-қатынас дағдыларын дамыту тапсырмалар: 1) баламен оң қарым-қатынас жасауға, жасөспірімдер ортасында құқық бұзушылықтардың профилактикасына ұмтылысты дамыту; 2) жұмыс алгоритмі туралы түсініктерді кеңейту жағымсыз эмоциялармен және мінез-құлықты өзін-өзі реттеу тәсілдерімен. 3) жасөспіріммен позитивті қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру. 5 "Б" сыныбының сынып жетекшісі Наби Г.М. өткізді.
26.04.2024
"Алтынды ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің" КММ жанындағы Балапан шағын орталығы Жапсыру сабағы. Тақырыбы: Бағдаршам. Жауапты тәрбиешілер: Мусахан Ж. Мерген Г.
26.04.2024
Психологиялық-әлеуметтік қызмет онкүндігінің жоспары негізінде "Көңіл-күй кемпірқосағы" акциясын өткізді. Педагог-психолог С. С. Нурпеисова.
26.04.2024
Мектеп оқушылары арасында "Игі істер гирляндасы" акциясын мектептің педагог-психологы С. С. Нұрпейісова өткізді.
23.04.2024
"Алтынды ауылының ЖОББМ" КММ “Таза Қазақстан” Республикалық экологиялық акциясы аясында мектебіміздің ұстаздары, мектеп жұмыскерлері және оқушылар барлығы сенбілікке қатысты. Құндылық: -жалпы өмір сүріп отырған жерімізді қоқыс пен арам шөптерден таза ұстауға; -жерге сіңбейтін қоқыстарды тастамауға; -табиғатты аялап қорғауды насихаттау. ДТІЖО: Нурпеисова С.С., Хадил А
23.04.2024
«Алтынды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де 6-сынып оқушыларымен «Құқық және тәртіп» фракциясының жауапты жетекшісі Суйениш Аружанмен «Бала құқығын қорғайық» атты танымдық ойын өткізілді.
23.04.2024
Бұланды аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Даметкен Ибрашқызы Мұхаметжанова су тасқыны кезінде жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
23.04.2024
Жасөспірімдермен темекі шегудің, электрондық темекінің алдын алу бойынша ата-аналармен әңгімелесу. Мақсаты: ата-аналарға сіздің балаңыздың темекі шегуді бастағанын және алдын-алу шараларын алғашқы белгілері туралы хабарлау. Мектеп қызметкері: Михайлова Т. В.