Текст
29.01.2023
5 "А" сыныбында "Парасаттылық сағаты" акциясын өткізу негізінде "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы" сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: "Сыбайлас-жемқорлық" деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру; Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту; Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Өткізген сынып жетекшісі: Дуйсенова Г. Ж.
29.01.2023
Бүгін мектебімізде "Шаңғы шақырады" фистивалінің ашылуы өтті. Іс-шараның мақсаты балалар мен жасөспірімдерді салауатты өмір салтына баулу; оқушыларды жүйелі дене шынықтыру мен спортқа жаппай тарту; шаңғы тебуді насихаттау. Мектеп әкімшілігі балаларды фестивальдің ашылуымен құттықтады. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері қауіпсіздік шараларымен таныстырды. Оқушылар көңілді әуенге жаттығулар жасады, мектеп оқушылары арқан тартуға, шана эстафетасына белсене қатысты. Соңында оқушылар сапқа тұрғызылып, қортындыларын жариялап, қатысушыларды жеңістерімен құттықтады. Жауаптылар: дене шынықтыру мұғалімдері, сынып жетекшілер, тәлімгерлер, НВПТ мұғалімі, ТІО.
29.01.2023
13-19.01.2023 жылдан бастап мектепте Дүниежүзілік Жер күніне арналған экологиялық мұражайлар фестивалі аясында байқау өткізілді. 1. Фестивальдің мақсаттары мен міндеттері: - балалар мен жасөспірімдердің қоршаған табиғатқа бей-жай қарамауын ояту; - балаларда экологиялық мәдениетті қалыптастыру; - дәстүрлі емес (қажетсіз) материалдардан жасалған қолөнер байқауына қатысу арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту; - педагогтардың, балалар мен олардың ата-аналарының бірлескен шығармашылығын жандандыру. Мұражай басшысы: Каменева К. С.
29.01.2023
Мектебімізде бастауыш сыныптарының арасында “Менің сүйікті үй жануарым” фотокөрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларды жануарларға деген сүйіспеншілігін арттыру, эстетикалық тәрбие беру. Жауаптылар: мектеп тәлімгерлері.
29.01.2023
Бүгін мектебімізде 1 "А" сынып оқушыларына "Қош бол, құтты Әліппе!" ертеңгілігі өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың Әліппеден алған білімдерін ортаға салу. Оқушыларды Ана тілі оқулығымен таныстыру, өзін-өзі басқаруға үйрету. Мектеп директоры Кинабаева А. А. балаларды құттықтап, дипломмен марапаттады. Сынып жетекшісі: Куанышева Д. З.
27.01.2023
Бүгін мектебімізде "Шаңғы шақырады" фистивалінің ашылуы өтті. Іс-шараның мақсаты балалар мен жасөспірімдерді салауатты өмір салтына баулу; оқушыларды жүйелі дене шынықтыру мен спортқа жаппай тарту; шаңғы тебуді насихаттау. Мектеп әкімшілігі балаларды фестивальдің ашылуымен құттықтады. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері қауіпсіздік шараларымен таныстырды. Оқушылар көңілді әуенге жаттығулар жасады, мектеп оқушылары арқан тартуға, шана эстафетасына белсене қатысты. Соңында оқушылар сапқа тұрғызылып, қорытындыларын жариялап, қатысушыларды жеңістерімен құттықтады. Жауаптылар: дене шынықтыру мұғалімдері, сынып жетекшілер, тәлімгерлер, НВПТ мұғалімі, ТІО.
27.01.2023
Жаратылыстану сабағы. 6 "Б" сыныбы. Тақырыбы: "Тірі табиғаттағы процестер. Тор". Өткізген: Жуманова З. К.
26.01.2023
"Алтынды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ қызметкерлері "Сыбайлас жемқорлық мінез-құлқы және салдары" тақырыбында әңгіме өткізді.
26.01.2023
Мектептің өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері республикалық “Жетістік портфолиосы” эссе байқауына қатысып жүлделі 1 орынға ие болды. Жетекшісі: Каменова К. С. алғыс хатпен марапатталды. Құттықтаймыз
26.01.2023
"Алтынды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де "Жылыжай" жобасының негізінде 5-7 сынып оқушылары арасында ақжелкен, сарымсақ, укроп, петрушка отырызылған болатын. Сынып белсенділері отырғызылған көкеністерді мектеп асханасына тапсырды. Жауапты биология пәнінің мұғалімдері: Уахитова А. Е., Хадил А. және еңбек пәнінің мұғалімдері Халат С., Баймагамбетова Ж. С.