Текст
03.02.2023
Мектебімізде мектеп тәлімгерлері мен өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен 7-10 сыныптар арасында “Мектеп калейдоскобы” атты КТА ойыны өткізілді. Оқушылардың өнеріне әділ-қазылар баға беріп, жеңімпаздарды анықтады. Іс-шараның мақсаты: оқушыларға мерекелік көңіл–күй сыйлай отырып, тапқырлық, ұшқыр қиял арқылы әзіл әлеміне бейімдеу, бір-бірімен еркін араласуға, достық қарым-қатынастарын жетілдіру арқылы сахна мәдениетін меңгерту.
03.02.2023
Lesson Study сабағының тақырыбы: "Компьютердің адам ағзасына әсері және ғаламтордың зияны". 7 "А" сынып. Өткізген қазақ тілі мұғалімі: Искакова М.С.
03.02.2023
4 "А" сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен Лессон стади. Тақырыбы: "Табиғатты зерттейміз". Мақсаты: Мәтінді сын тұрғысынан бағалап оқу. Кейіпкердің іс-әрекетін, мінез құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалау. Әңгіме құрастырып, мәтінге жаңа сюжет енгізу. Пән мұғалімі: Досымова Б. К.
03.02.2023
2 "Б" сыныбында осы тақырып бойынша сабақ болды : Жалқы есімдер. Жалқы есімдердегі үлкен әріп. Мақсаты: Бас әріппен жалқы есімдерді жазу. Көркем немесе көркем емес мәтінді анықтаңыз. Өткізген сынып жетекшісі: Дитман Н. В.
03.02.2023
"Балапан- шағын орталығы". Тақырыбы: "Қызық логика". Тәрбиеші: Бейсембаев А. А.
03.02.2023
2 "Б" сыныбында сынып сағаты. Тақырыбы: "Отбасы дәстүрлері". Мақсаты: әр адамның өміріндегі отбасының маңыздылығын ашу; өз отбасына деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімдерін тәрбиелеу. Сынып жетекшісі: Дитман Н. В.
03.02.2023
3 "А" сыныбында "Отбасылық әдет-ғұрыптар" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға отбасылық дәстүрлер және қазақ халқының салт дәстүрлері туралы ақпарат беру. Өткізген сынып жетекшісі: Буркитбаева Ш.К.
01.02.2023
4 "А" сыныбында "Отбасылық әдет-ғұрыптар" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға отбасылық дәстүрлер және қазақ халқының салт дәстүрлері туралы ақпарат беру. Жүйелі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Өткізген сынып жетекшісі: Досымова Б. К.
01.02.2023
“Алтынды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-де 9-10 “А” сынып оқушыларымен “Кәсіпкерлік” тақырыбында Алтынды ауылының дүкендеріне саяхат. Мақсаты: Білім алушыларға кәсіпкерлік туралы түсінік бере отырып, бизнес жасау жолдарын үйренуге кәсіби бағыттау. Сонымен бірге кәсіпкерлік жолдарын, сатыларын, қырларын, қоғамның прогрессивті дамуы, экономика заңдылықтарының орындалуы, елімізде жасалып жатқан оң қадамдар төңірегінде түсінік беру. Жауапты: Кәсіптік бағдар беруші Хавай К.
01.02.2023
Орыс тілі мен әдебиеті онкүндігінің жабылуы.