Текст
29.01.2023
Ағылшын тілі мұғалімі Наби Г. М. тақырыпта Lesson study сабағын өткізді: Countable and uncountable nouns. Мақсаты: 6.3.3.1- give an opinion at sentences and discourse level on an increasing range of general and curricular topics; 6.3.6.1 - communicate meaning clearly at sentences and discourse level during pair, group and whole class exchanges.
29.01.2023
5 “Б” сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен “Ас - адамның арқауы” тақырыбында Lesson Study зерттеу сабағы өткізілді. Мақсаты: Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау. Мекен және мезгіл үстеулерін ауызша және жазба жұмыстарында орынды қолдану. Мұғалім: Каменова К.С.
29.01.2023
2 "А" сыныбында Математика сабағы. Тақырыбы: "Бөлу". Мақсаты: көбейту және бөлу амалдарының компоненттері арасындағы байланысты анықтау. Өткізген сынып жетекшісі: Молдаханова К. Р.
29.01.2023
"Алтынды ауылының Жалпы білім беретін мектебі" КММ-де 7 "Б" сынып оқушыларымен "Менің болашақ мамандығым" тақырыбында эссе жазылды, мамандықтардың түрлерімен танысты, пікірлерімен бөлісті. Мақсаты: оқушыларды кәсіп түрлерімен таныстыру, олардың жеке қызығушылықтарын арттыру, оларды дұрыс мамандық таңдауға бағыттау. Жауапты: педагог-кәсіби бағдаршы Хавай К.
29.01.2023
"Алтынды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де "Балапан шағын-орталығында" өткізген математика сабағы. Тақырыбы: "Геометриалык фигуралар". Мақсаты: Балаларға өздеріне таныс дөңгелек, шаршы және үшбұрыш сияқты геометриялық пішіндерді бір-бірінен ажырата білуге үйрету. Тәрбиеші: Бейсенбаев А. А.
29.01.2023
5 "Б" сыныптағы "Парасаттылық сағаты" тақырыбындағы сынып сағаты. Мақсаты: өскелең ұрпаққа сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне теріс көзқарасты ояту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруды үйрету. Сынып жетекшісі: Каменева К. С.
29.01.2023
"Шаңғы шақырады" фестивалі өткізілді. Оқушыларды сапқа тұрғызып жаттығу жасады, шанамен сырғанады, шаңғы тепті, және арқан тартты. НВПТ мұғалімі 8-11 сынып оқушыларына "Зарница" өткізді. Мақсаты — денсаулықты сақтау мен нығайту, дұрыс тамақтану тәртібін сақтау, зиянды әдеттерден аулақ болу, салауатты өмір салтын ұстануға жас ұрпақтың назарын аудару. Өткізген дене шынықтыру мұғалімдері, НВТП мұғалім, тәлімгерлер, ДТІО.
29.01.2023
И. А. Крыловтың "Инелік және құмырсқа" ертегісі бойынша театрландырылған қойылым 5 "Б" сынып. Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Марус Т. В.
29.01.2023
Лингвистикалық марафон "Зат есім әлеміне саяхат" 6 "А" сынып. Өткізген: орыс тілі мұғалімі Камельинова Ф. Х.
29.01.2023
7 "А" сыныбында "Парасаттылық сағаты" акциясын өткізу негізінде "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы" сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: "Сыбайлас-жемқорлық" деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру; Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту; Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Өткізген сынып жетекшісі: Искакова М.С.