Текст
23.02.2023
"Алтын жүрек" челленджі
https://www.instagram.com/reel/Co9qEy4qM8p/?igshid=MjkzY2Y1YTY=
23.02.2023
5 "А" сынып. Сыныптан тыс сабақтың тақырыбы: Жас информатиктер. Мақсаты: Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін сарапқа салу; Оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, ой–өрісін, белсенділігін дамытып, білімге құштарлығын арттыру. Өткізген: Каменов А.З.
22.02.2023
Биология, химия, география апталығы аясында 7 "А" сыныбында биология пәнінен ашық сабақ өткізілді. Сабақтың тақырыбы: Орталық жүйке жүйесі бөлімдерінің құрылысы мен қызметі. Жұлын. Мақсаты: Жұлынның маңызы, құрлысы мен қызметі, шартсыз рефлекстің рөлі туралы оқушыларға білім беру. Өткізген: Хадил А.
21.02.2023
"Ақпарат" фракциясының мектеп жетекшілері біздің мектептің мұғалімдерімен "Менің мамандығым" тақырыбында сұхбат жүргізді.
https://www.instagram.com/p/Co7c56aqqBr/?igshid=MjkzY2Y1YTY=
21.02.2023
Сабақ ойыны. 7 "Б" сыныбы. Тақырыбы: Қазақстанның үздік геологы. Мақсаты: Қазақстанның ресурстық әлеуетін бағалау. Өткізген: Жуманова З. К.
21.02.2023
Ерлан Қошанов: «Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев та озық ел әйелдің қоғамдағы мәртебесімен өлшенетіні туралы талай мәрте айтты. Осы орайда, мемлекет ана мен балаға қамқорлық пен қолдауға, гендерлік саясат мәселесіне ерекше көңіл бөліп отыр. Соңғы жылдары елдің саяси, қоғамдық өміріндегі әйелдердің рөлі айтарлықтай артып келеді. Сайлаудың партиялық тізімдерінде әйелдерге арналған міндетті квота енгізілді. «AMANAT» мүшелерінің 62 проценті әйелдер. Партиялық тізімнің 30 процентін біздің аруларымыз құрайды». t.me/AMANATPartiyasy
21.02.2023
✍️ Республикалық сайлауалды штабтың басшысы Ерлан Қошановтың «AMANAT» партиясының Республикалық әйелдер форумында сөйлеген сөзінен: «Құрметті Форумға қатысушылар! Өздеріңізбен осындай маңызды басқосуда – республикалық әйелдер форумында жүздесіп отырмыз. Әрине, осындай кілең әдемі, ақылды нәзік жандылардың алдында сөз сөйлеу оңай емес. Бірақ, мен енді оған үйренгенмін. Себебі, жолдасым мен екі қызым, кішкентай немерем бар. Сол ханымдардың ортасында жүргендіктен, әйел затының мұң-мұқтажын жақсы білемін. Жалпы, әйел заты аса талапшыл, ұқыпты ғой. Әрі ешнәрсені ұмытпайды. Сондықтан, олардың алдында өте жауапты сөйлеп, ер-азаматтарымыз берген уәделерін міндетті түрде орындау керек. Жеке өз басым да, «AMANAT» партиясы да мұны жақсы түсінеміз. Шын мәнінде, халқымыз әуел бастан аналарымызға, жары мен қарындас-қыздарына зор құрметпен, сыйластықпен қараған». t.me/AMANATPartiyasy
20.02.2023
Жаратылыстану сабағы. 3 "Б" сыныбы. Тақырыбы: "Біздің планетамыз қалай жұмыс істейді". Мақсаты: сфералардың түрлерімен таныстыру. Өткізген: Скиртач О. А.
20.02.2023
4 "А" сыныбында қазақ тілі сабағы. "Септік жалғауының емлесі". Мақсаты: Септік жалғауларының емлесін қатесіз жазылуын үйрету. Сұрақтарын, жалғауларын дұрыс табу, алған білімдерін тапсырма орындау барысында көрсету. Өткізген пән мұғалімі: Досымова Б. К.
20.02.2023
"Балапан" шағын орталығы. Тақырыбы: «Табиғат құбылыстарын ата». Мақсаты: қар мен жаңбырды ажырата білу, табиғат құбылыстары жөніндегі білімдерін бекіту, қатты, жұмсақ, ериді, буға айналады. Тәрбиешілер: Мусахан Ж, Бейсембаева А.А.