Текст
16.02.2023
Тақырыбы: Еуропа елдерінің музыкалық мәдениеті. Мақсаты: Италия мен Испания елдерінің музыкасымен танысу. Музыка мұғалімі: Чикаленко А. И.
16.02.2023
Футбол секция дене шынықтыру мұғалімі: Каленов Ж.С.
15.02.2023
10 «А» сыныбында информатика сабағы. Сабақтың тақырыбы: CSS (CASCADING STYLE SHEETS) немесе «Каскадтық стильді кестелер». Мақсаты: «Каскадтық стильді кестелер» ұғымын анықтайды. Каскадтық стильді кестелерді код жасауда қолданады. Каскадтық стильді кестелерді қолданудың маңыздылығын түсіндіреді. Өткізген информатика пәні мұғалімі: Марат Г.
15.02.2023
Тренинг: "Емтиханға психологиялық дайындық". Мақсаты: ҰБТ-ға объективті көзқарасты қалыптастыру; өзіне деген сенімділікті, өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту; эмоционалды шиеленісті және емтихан қорқынышын жеңілдетуге ықпал ету. Жүргізген педагог-психолог: Нұрпейісова С.С.
15.02.2023
Мектеп тәлімгері: Садырбаева А.Х. 6 "А" сынып оқушыларымен "Не?Қайда?Қашан?" атты интеллектуалды ойыны өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін, ынтасын, қабілеттерін, білімдерін арттыру.
15.02.2023
Мектеп тәлімгері: Садырбаева А.Х. 7 "А" сынып оқушыларымен "Не?Қайда?Қашан?" атты танымдық ойыны өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың білімін, зердесін, дүниетанымын және ой ұшқырлығын байқау, сонымен қатар танымдық ойын арқылы әрі қарай дамыту.
15.02.2023
"Ауғанстан – тірі жады" бейнероликтерін көру. Мақсаты: жергілікті қақтығыстардың тарихы, атап айтқанда Ауған соғысы туралы білімді қалыптастыруға ықпал ету. Патриотизм сезімін тәрбиелеу, ұрпақтардың тарихи жадын нығайту, елдің тарихи өткеніне құрмет көрсету, жанашырлық таныту. Өткізгендер директордың ТЖ жөніндегі орынбасарлары: Нұрпейісова С.С., Хадил А. мен мектеп тәлімгері Садырбаева А. Х.
15.02.2023
Бұланды ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылауының бас маманы Ерниязов Жандар Қадыржанұлы оқушылардың денсаулығын нығайту, дұрыс тамақтану және мектеп оқушыларымен жеке гигиенаны сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
15.02.2023
Ауғанстан Республикасынан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 34 жыл толуына орай мектебімізде ақпараттық стенд жасалды.
15.02.2023
Өрт қауіпсіздігі бойынша суреттер байқауы