Текст
20.05.2024
5 "А" сынып. Математика сабағы. Сабақтың тақырыбы: "Тік бұрышты параллелепипед(текше) және оның жазбасы". Мақсаты: тік бұрышты параллелепипед және оның жазбасы туралы түсінігі болу; жазық фигуралардың және кеңістіктегі геометриялық фигуралардың жазбаларын салу (текше және тік бұрышты параллелепипед). Өткізген: Байжанова А. А.
20.05.2024
6 "А" сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен Р. Ғамзатовтың "Ана тілі" өлеңі тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Мақсаты: Жазушы шығармаларына сүйіспеншіліктерін арттыру. Ана тілінің қадір-қасиетін түсіну, өлең жазуға деген ынта-жігерлерін ояту ақындыққа баулу. Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мухамет А.
20.05.2024
Ата-аналарды қолдау орталығының жоспары негізінде ата-аналар жиналысы өткізілді. Тақырыбы: Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына. Ұлттық салт-дәстүрімізді қаншалықты білеміз? Мақсаты: ата-аналар арасында ұлттық салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды дәріптеу, ұлттық саналарын қалыптастыру, ұлтжандылыққа баулу, қазақ халқының ұлттық әдет-ғұрыптарының тәрбиелік мәнін ашып көрсету; ата-аналардың салт-дәстүр, әдет-ғұрып бойынша білім деңгейлерін бағамдау; ұлттық мәдениетімізді насихаттау. Өткізген: Искакова М.С. Марат Үмм Г. Каменова П.С.
https://www.instagram.com/reel/C6_PaaNqmjs/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
20.05.2024
6 “Б” сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен “Өнер -таусылмас азық” тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: 6.2.2.1 - тақырып бойынша диалогті бастау, жалғастыру, аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын білу. Өткізген: Каменова К. С.
20.05.2024
"Алтынды ауылының жалпы орта білем беретін мектебі" КММ 11 сынып оқушылары, мектеп түлектері ағаш отырғызды. ДТІЖО: Нурпеисова С. С. Хадил А. Сынып жетекшілер: Байжанова А. А., Набиев А. М.
20.05.2024
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ата-аналардың педагогикалық қолдау орталығының кезекті жиналысы 1-4 сыныптардың ата-аналары үшін өткізілді. Тақырыбы: «Ұлттық дәстүрлермен отбасылық дәстүрдің сабақтастығы". Мақсаты: ұлттық тәрбие бастауы, отбасынан басталатындығы, отбасы құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Жауаптылар: Буркитбаева Ш. К., Досымова Б. К., Молдаханова К. Р.
14.05.2024
"Алтынды ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің" КММ жанындағы "Балапан" шағын орталығында жас ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың тақырыбы: "Баланың бас ұстазы ата-ана". Мақсаты : жас ата-аналарға психологиялық және педогикалық тәрбие беру, ата-ана мен тәрбиеші арасын байланыстыру. Жауапты тәрбиешілер: Мусахан Ж., Мерген Г.
14.05.2024
Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!
https://www.instagram.com/reel/C6wIPDOKESa/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
14.05.2024
"Алтынды ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің" КММ жанындағы Балапан шағын орталығы. Сөйлеуді дамыту сабағы. Отан қорғаушылар күніне орай "Әр жақсыны еске алам" тақырыбында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті өткізілді. Мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілік сезімін ояту отан үшін отқа түскен әр батырларды еске алу. Жауапты тәрбиешілер: Мусахан Ж. Мерген Г.
14.05.2024
3 мамырда "Антитеррор" профилактикалық іс-шаралары аясында 9 сынып оқушыларымен бейнематериал көрсетілді.