Текст
13.09.2023
Тілдер онкүндігі аясында “Ұлы жүздің биі Төле бидің туғанына 360 жыл” тақырыбында видеофильм көрсетілді. Мақсаты: Оқушыларға бидің өмірі мен шығармашылығын насизаттау, шешендік өнер, сөз құдіретінің мәнін түсіндіру. Мұғалім: Нурпеисов Е. К.
13.09.2023
"Алтынды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" әкімшілігі мен мұғалімдерінің атынан КХ "Қайрат" бірлестігінің басшысы Кабикенов Е.К. "Мектепке жол ашу" акциясы барысында жағдайы төмен отбасына материалдық көмек көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз. Сіздердің жұмыстарыңызға табыс тілейміз. Бірлестіктеріңіз өсіп, өркендей берсін.
13.09.2023
“Қазақ тілі және әдебиеті” апталығының жоспарына сәйкес 6 “Б” сыныбында “Мұхтар Әуезов - ғұлама жазушы” тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты: 6.5.2.1 - тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау. Мұғалім: Каменова К.С.
13.09.2023
Қазақ тілі және әдебиеті апталығының жоспарына сәйкес 9 “Б” сыныбында “Алтын сақа” интеллектуалды ойыны өткізілді. Мұғалім: Искакова М.С.
12.09.2023
Тілдер онкүндігі аясында бастауыш сыныптарда “Достық және мен” атты ұлттық ойындар сайысы өтті. Жауапты: дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері.
11.09.2023
8.09.2023 Денсаулық күніне орай ұйымдастырылған "Дене сергіту" челленджі. Жауапты: дене шынықтыру мұғалімдері.
11.09.2023
8.09.2023 Сынып сағаты. 4 "А" сынып. Тақырыбы: "Мен және менің отбасым". Мақсаты: бала тәрбиесіндегі отбасының орнының ерекше екендігін түсіндіру. Өткізген: Буркитбаева Ш. К.
11.09.2023
8.09.2023 Тілдер онкүндігі аясында 10 “А” сыныбында “Жас әдебиетші” атты сыныптан тыс іс-шара өтті. Мақсаты: білім алушылардың әдебиет пәнін өтілген материалдарды меңгеруін, білім деңгейін тексеру. Мұғалім: Каменова К.С.
11.09.2023
8.09.2023 6 "Б" сыныбында сынып сағаты. Тақырыбы: "Менің отбасым". Мақсаты: әр адамның өміріндегі отбасының маңыздылығын анықтау. Сынып жетекшісі: Каменева К. С.
11.09.2023
8.09.2023 5-6 "А" сыныбында сынып сағаты өтті. Тақырыбы: «Отбасы – өмірдің мәні» Мақсаты: Оқушылардың отбасы, адамның отбасындағы алатын орны туралы түсінік беру, оқушылардың ойлау дағдысын қалыптастыру. Жүйелі сөйлеуге үйрету. Балаларды сыйластыққа, мейірімділікке, татулыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу. Өткізген: Марат Г.