Текст
14.11.2023
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ "Алтынды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ 2023 жылы 07 қараша күні мектеп Парламенті Президентін және "Өзін - өзі басқару" ұйымының мүшелерін ұлықтау рәсімі (инаугурация) өткізілді. Тәрбие құндылықтары: ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ: Ұлттық мәдениетті дәріптеу, қоғам игілігі үшін қызмет ету, Қазақстан мүддесіне қызмет етуге ұмтылу. АР-ҰЯТ: Әдеп нормаларын ұстану, адал еңбекті құрметтеу, сөзіне берік, ісіне адал болу, халқына адал қызмет ету. ТАЛАП: Білуге, жаңаны тануға құштар болу, дұрыс қарым-қатынас ората білу . Мектеп Президенті лауазымына 10 "А" сынып оқушысы Сулейменова Диана сайланды. Мектеп көшбасшылары: 1.Құқық және тәртіп фракциясының көшбасшысы- Сапарханқызы Айжұлдыз 2.Ақпарат фракциясының көшбасшысы-Влох Ванесса. 3.Спорт және салауатты өмір салты фракциясының көшбасшысы-Мусаев Никита. 4.Өзін-өзі тану және бақыт фракциясының көшбасшысы- Көкейқызы Сымбат 5.Қамқорлық фракциясының көшбасшысы- Албакова Лиза. 6.Мәдениет және өнер фракциясының көшбасшысы- Суйениш Аружан. 7.Дебат қозғалысының көшбасшысы-Албакова Тамара. 8.Экология және еңбек фракциясының көшбасшысы- Жупарханқызы Назар. Мектеп Президентін және "Өзін - өзі басқару" ұйымының барлық мүшелерін берілген лауазымдарымен шын жүректен құттықтай және мектеп қабырғасындағы жұмыстарына сәттілік тілейміз.
13.11.2023
Бастауыш сыныптарға арналған онкүндік. Тақырыбы: «Мәңгілік елдің-болашағымыз». Мақсаты: бастауыш мектеп оқушыларының пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық белсенділігі мен шығармашылығын дамыту.
13.11.2023
#біртұтас_тәрбие #aqmolaoblysybirtutas_tarbie #aqmoedu #aqmolaoblysy
https://www.instagram.com/p/CzlgbHsKRcI/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==
13.11.2023
Ақпараттық стенд. Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!
10.11.2023
Тақырыбы: Зорлық-зомбылыққа жол бермейік! Мақсаты: Окушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру; адамның жаны мен тәннің үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Сынып жетекшісі: Каменова П.С.
10.11.2023
Тақырыбы: "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ". Мақсаты: Оқушыларға зорлық - зомбылық туралы түсінік беру. Адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу. 8 "А" сынып, сынып жетекшісі: Искакова М. С.
10.11.2023
5 “А” сыныбында сынып сағаты өтті. Тақырыбы: Зорлық-зомбылыққа жол бермейік! Мақсаты: Окушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру; адамның жаны мен тәннің үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Өткізген сынып жетекшісі: Марат Г.
10.11.2023
Тақырыбы: "Бала құқығын қорғау". Мақсаты: әдеби шығармалар мысалында бала құқықтары туралы конвенцияның баптарымен таныстыру; құқықтық өзін-өзі тануға, басқа адамның құқықтарын құрметтеуге тәрбиелеу. 1 "Б" сынып, Сынып жетекшісі: Майгузина А. Б.
10.11.2023
Тақырыбы: Отбасылық зорлық -зомбылықтың алдын алу. Мақсаты: Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті тұлға болып өсуін тәрбиелеу. 1"А" сынып жетекшісі: Досымова Б. К.
10.11.2023
6 "Б" сыныбында сынып сағаты. Тақырыбы: Баланың құқықтары және оларды қорғау. Мақсаты: баланың негізгі құқықтары туралы білімді жалпылау; басқа адамдардың құқықтарын құрметтеуге ықпал ету: құқықтар мен міндеттердің бірлігін көрсету, заңдардың болуы мен білімінің қажеттілігін түсіндіру; өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік сезімін дамыту, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу. Сынып жетекшісі: Каменова К. С.