Текст
06.12.2023
10 “Б” сынып. Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы. Сабақтың тақырыбы: Әкеден қалған байлық. Сабақтың мақсаты: мәтін үзінділері бойынша болжам жаса, өз біліміне сүйеніп тақырырты жалғастыру. Мұғалім: Каменова К.С.
06.12.2023
Психология апталығы аясында "Жақсы көңіл-күймен бөлісіңіз" акциясы өтті. Балалар көңілді эмодзилермен бөлісті. Педагог-психолог: Нұрпейісова С. С.
06.12.2023
Психология апталығының ақпараттық стенді. Дайындаған: Педагог-психолог Нурпеисова С. С.
06.12.2023
"Психология апталығының" ашылуы. Тақырыбы: "Кемпірқосақ апталығы". Мақсаты: оқушылардың, педагогтар мен ата-аналардың психологиялық мәдениетін арттыру, білім беру ұйымдарында оқушылардың психологиялық әл-ауқатын қалыптастыру және сақтау үшін жағдай жасау. Педагог-психолог: Нұрпейісова С. С.
05.12.2023
"Алтынды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де "Жылыжай" жобасының жұмыс жоспары құрылды. Жоспарға жауаптылар: Биология пәнінің мұғалімі Хадил А. және еңбек мұғалімдері Халат С., Даулетхан Н.
05.12.2023
Алтынды ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде мектепішілік олимпиада өткізілді. Олимпиадаға қатысқан оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болды. Құттықтаймыз!!!
05.12.2023
"Жастар" аудандық спартакиадасының аясында "Ұлттық мектеп лигасы" бағдарламасындағы 7-8 сынып оқушылары арасында өткізілген шахматтан жарысқа қатысып оқушыларымыз: Буланбай Дилара, Жалелұлы Даулет, Самархан Дінмұхамед, Қабыкен Темірлан жүлделі II - орын иеленді. Жетекшісі дене шынықтыру мұғалімі: Буланбай Б. Құттықтаймыз!!!
05.12.2023
Тәрбие сағаты. Тақырыбы: Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз! Мақсаты: Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту. Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап,ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу! 6 “А” сынып жетекшісі: Даулетхан Н.
05.12.2023
"Үлкендерді құрметте, кішілерді ренжітпе" тақырыбындағы сынып сағаты. Мақсаты: балаларда басқалармен, егде жастағы адамдармен қарым-қатынастың моральдық нормалары туралы идеяларды қалыптастыруды жалғастыру. 3 "Б" сыныбы, сынып жетекшісі Дитман Н. В.
05.12.2023
Тәрбие сағаты. Тақырыбы: "СПИД-ғасыр індеті". Мақсаты: СПИД дертінің алдын-алу, оның жұғу жолдарын одан сақтана, қорғана білу туралы түсіндіру. 8 "А" сынып, сынып жетекшісі Искакова М. С.