Текст
31.01.2024
Бүгін мектебімізде 1-11 сыныптар үшін "Қазақ есебі" челленджі өтті. «Тоғыз айға 9 іс-шара» тұжырымдамасы өскелең ұрпақты тәрбиелеудің ұлттық құндылықтарын қалыптастыру шеңберінде ай сайынғы іс-шараларды өткізуге бірыңғай көзқарасты қамтамасыз етуге бағытталған.Осыған орай, білім алушылардың математикалық және логикалық есептерді шығаруға деген қызығушылығын ояту,креативті және сыни ойлауын дамыту мақсатында «Қазақ есебі» челленджі бастау алды. Математика - барлық ғылымдар патшасы. Математикамен көптеген ғалымдар айналысқан. Еліміздегі үздік математиктердің бірі де бірегейі - Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев.Асқар Жұмаділдаев – белгілі қазақстандық ғалым және қоғам қайраткері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі. Бала кезінен математикаға құштар болған. Мектепте жүргенiнде талай қалалық, республикалық және бүкiлодақтық физика-математикаға қатысты жарыстарға қатысып, талай рет жүлдегер атанады.
https://www.instagram.com/reel/C2t7eIKK15W/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=NTYzOWQzNmJjMA==
31.01.2024
Сабақтың тақырыбы: Шығыс септік. Сабақтың мақсаты: 4.2.4.1 мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сәйкестігін анықтау және, ондағы негізгі ойды тұжырымдау 4.4.2.3 зат есімді септеу,тәуелденген сөздердің септелуін білу. 4 "А" сынып, сынып жетекшісі: Буркитбаева Ш. К.
31.01.2024
Тақырыбы: Қош бол, әліппем! Мақсаты: Білімнің бастауы болған «Әліппеден» үйренгендерін тиянақтау. Өнерлерін тамашалау. Білімдерінің артып, сөз байлығының молайып, саналарының өскендерін көрсету. Отанын, мектебін, ұстаздарын, ата-аналарын құрметтеуге тәрбиелеу. Өткізген : 1 "А" сынып жетекшісі: Досымова Б.К.
https://www.instagram.com/reel/C2sQBuMqJoB/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=NTYzOWQzNmJjMA==
30.01.2024
"ДОСБОЛLIKE: Достық қолын ұсын" акциясы аясында 1-11 сынып оқушыларына, сынып сағаты өткізілді. Тақырыбы: Достық пен достықты бағалай біл! Мақсаты: Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым - қатынасын нығайту. Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету, адамгершілік қасиетін, бір - біріне деген достық сезімдерін нығайту.
https://www.instagram.com/reel/C2ry1iUqU9c/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=NTYzOWQzNmJjMA==
30.01.2024
Математикалық есептерді шешуге арналған "ҚАЗАҚ ЕСЕБІ" челленджіне қатысып, жүлделі орын иленген оқушыларымыз марапатталды.
30.01.2024
"Алтынды ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің" КММ жанындағы "Балапан" шағын орталығы. Сөйлеуді дамыту сабағының тақырыбы: "Қардың қасиетін анықтау". Мақсаты: балаларға қар туралы түсіндіре отырып сөйлеуді дамыту. Тәрбиеші: Мусахан Ж.
30.01.2024
"Алтынды ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің" КММ жанындағы "Балапан" шағын орталығында "Мақал - сөздің азығы, жұмбақ - ойдың қазығы" тақырыбында дамыту оқу іс әрекеті ұйымдастырылды. Мақсаты: балалардың сөздік қорын дамыту, мақал-мәтелдермен таныстыру. Жауапты тәрбиешілер: Мусахан Ж, Мерген Г.
https://www.instagram.com/reel/C2nBRSmKAuI/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=NTYzOWQzNmJjMA==
30.01.2024
"Біртұтас тәрбие бағдарламасын" іске асыру аясында "Балалар кітапханасы" жобасы шеңберінде. "Мақал - сөздің азығы, жұмбақ - ойдың қазығы" тақырыбында мақал- мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштарды білуге арналған ұйымдастырылған оқу іс -әрекеті өткізілді.Мақсаты: мақал - мәтел,ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш ерекшеліктерін анықтау.Жаттқа айтып үйрену.Мектепалды сыныбы жетекшісі:КуанышеваД.З.
30.01.2024
Даярлық сыныбында "Мақал-мәтелдер әлемінде" тақырыбында ертеңгілік өтті. Мақсаты: Мақал-мәтелдердің даналығын, ғибратты мағынасын және жетілдірілген мақал-мәтелдерді ашу, олардың ұқсастығы мен айырмашылығына назар аудару. Өз бетінше және топтық жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Өткізген сынып жетекшісі: Цыкалова Ю.С.
https://www.instagram.com/reel/C2k4DZ-qr_u/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=NTYzOWQzNmJjMA==
30.01.2024
Орыс тілі мен әдебиеті онкүндігі өз мәресіне жетті. Белсенді қатысқан оқушылар мен сайыстардың жеңімпаздары анықталды.