Текст
02.02.2024
ДОСБОЛLIKE: Достық қолын ұсын: акциясы аясында 5-7 сыныптар арасында футболдан мектепішілік жарыс өткізілді. Жауаптылар: Каленов Ж., Самархан Ш.
01.02.2024
30.01.2024 жылы "Алтынды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де геометрия бойынша 10 "Б" сыныбында "Кеңістіктегі координаттардың тікбұрышты жүйесі" тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаттары: - кеңістіктегі тікбұрышты координаттар жүйесінің анықтамасын білу және оны бейнелей білу; -кеңістіктің нүктесін оның координаттары бойынша тікбұрышты координаттар жүйесінде бейнелеу. Математика пәнінің мұғалімі: Чеканова Н.И.
01.02.2024
Алтынды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де 5 "Б" сыныбында " Ондық бөлшектерді қосу мен азайту " тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты: - ондық бөлшектерді қосу және азайту негізгі алгоритмдік әдісін оқушылардың меңгеруін таныстыру және қамтамасыз ету; - ондық бөлшектерді қосу және азайту әрекеттерінің алгоритмінің практикалық қолданылуын көрсету. Математика пәнінің мұғалімі: Ермагамбетова А.С.
01.02.2024
"Алтынды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де 6 "А" сынып оқушылары арасында "Не?Қайда?,Қашан?" интелектуалды ойыны өткізілді. Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін арттырып,шешендігін шындауға үйрету. Жауапты: мектеп тәлімгері Садырбаева А.
31.01.2024
ДАНАЛЫҚ МЕКТЕБІ АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ БІРТҰТАС ТӘРБИЕ аясында, Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы негізінде қаңтар айында “Жеңгелер клубы”мүшелерінің екінші жиналысы өтті. Жеңгелер клубының тақырыбы "Қазақтың ұлттық ойындары". Мақсаты: Ұлттық. тұрмыс, салт-дәстүрі туралы әсерлерін толтыру. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру мақсатында қазақ халқының тіршілік әрекетіне байланысты ұлттық ойындарды ойнауға үйрету. Ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру, ептілікке, шапшаң шапшаңдыққа, төзімділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
https://www.instagram.com/reel/C2u3NDFq-5U/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=NTYzOWQzNmJjMA==
31.01.2024
"Қош бол, Әліппе!" ертеңгілігі. Мақсаты: - балаларда өткен оқу кезеңінің маңыздылығын сезіну; - мереке кезінде өзін-өзі ұстауға, мәнерлі және эмоционалды түрде өлең оқуға, балаларды сахнада ұстауға үйрету; - қарым-қатынас қабілеттерін дамытуға, балалар ұжымын біріктіруге ықпал ету. 1 "Б" сынып Майгузина А. Б.
31.01.2024
Позиция Комитета по охране прав детей относительно распространения среди несовершеннолетних веб-сайтов, содержащих информацию о нетрадиционной сексуальной ориентации.
31.01.2024
Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің кәмелетке толмағандар арасында дәстүрлі емес сексуалдық бағдары туралы ақпаратты қамтитын веб-сайттарды таратуға қатысты ұстанымы.
31.01.2024
"Алтынды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де 5 "А" сынып оқушылары арасында "Не?Қайда?Қашан?" интеллектуалды ойыны өткізілді. Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін арттырып, шешендігін шыңдауға үйрету. Жауапты: тәлімгер Садырбаева А.Х.
31.01.2024
"Алтынды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ 29 қаңтарда салтанатты түрде "Математика, информатика, физика" онкүндігінің ашылуы өтті. МИФ онкүндігінің мақсаттары: -жаратылыстану-математикалық цикл сабақтарына қызығушылықты ояту, оқушылардың жеке, шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту; -жаратылыстану-математикалық пәндер туралы білімді кеңейту және тереңдету, пәнаралық байланысты күшейту; оқушылардың оқу іс-әрекетіне деген қызығушылығын арттыру; - оқушылардың қоғам өміріндегі ғылымның рөлі туралы түсініктерін қалыптастыру.