Текст
15.12.2022
3 "А" сыныбында "Желтоқсан жаңғыры" атты тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Тәрбие мақсаты: оқушыларға Қазақстан Республикасы туралы, оның тәуелсіздігі туралы мәлімет беру. Оқушыларды өз елін сүюге, қастерлеуге тәрбиелеу. Өткізген: Буркитбаева Ш. К.
15.12.2022
Тақырыбы: "Желтоқсан жаңғырығы". Мақсаты: Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, соның ішінде Қайрат Рысқұлбековтың өмірін, ерлігі жайында түсіндіріп, оқушыларға желтоқсан оқиғасы туралы мағлұмат беру. Өткізген 6 "А" сыныбының жетекшісі: Каменова П.С.
15.12.2022
5 "А" сыныбында "Тәуелсіздік тұғырым" атты сынып сағаты өтті. Мақсаты: Тәуелсіздік туралы мағлұмат беру. Өткізген: Дуйсенова Г.Ж.
14.12.2022
“Біз кім болғымыз келеді…” атты тақырыбында 8 “А” сыныбымен кәсіби бағдар беру бойынша іскерлік ойын ұйымдастырылды. Мақсаты: Мамандықтар туралы түсінік беру, мамандық түрлері жөніндегі көзқарастарын, білімдерін жан-жақты кеңейту. Жауапты: кәсіби бағдар беруші Хавай К.
13.12.2022
Тәуелсіздік күніне орай 1,3,5,6 сыныптарына мектеп мұражайына саяхат жасалды. Мақсаты: оқушылардың танымдық қабілетін арттыру, отансүйгіштікке баулу. Мұражай меңгерушісі: Каменова К.С.
13.12.2022
6 "А" сыныбында Қазақстан тарихы пәнінен ашық сабақ өтті. Тақырыбы: Ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы. Мақсаты: картаны пайдаланып, Ұлы Жібек жолының Қазақстан аумағындағы бағыттары мен жолдарын зерттеу және рөлін талдау. Өткізген тарих пәнінің мұғалімі: Аманқұл М.Ә.
13.12.2022
Халықаралық "Информатика апталығы" аясында мектебімізде "Код сағаты" акциясы өткізілді. Іс-шараның мақсаты: оқушылардың ақпараттық технологияларға, атап айтқанда қолданбалы бағдарламалауға қызығушылықтарын арттыру. Жыл сайын "Код сағаты" акциясын әлемнің 180-нен астам елі қолдайды. Өткізген информатика пәнінің мұғалімі: Марат Үмм Гүлсім.
13.12.2022
Халықаралық "Информатика апталығы" аясында мектебімізде "Код сағаты" акциясы өткізілді. Іс-шараның мақсаты: оқушылардың ақпараттық технологияларға, атап айтқанда қолданбалы бағдарламалауға қызығушылықтарын арттыру. Жыл сайын "Код сағаты" акциясын әлемнің 180-нен астам елі қолдайды. Өткізген информатика пәнінің мұғалімі: Каменов А.З.
12.12.2022
Сабақтың тақырыбы: "Өө дыбысы және әрпі". Мақсаты: сурет бойынша сөйлем, сөйлемнен мәтін құрастырады, әріптердің өзара байланыс элементтерін жазады. Өткізген: Қуанышова Д.З.
12.12.2022
"Тәуелсіздігіміздің шежіресі" атты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған ақпараттық стенд. #ТӘРБИЕЖҰМЫС