Текст
29.12.2022
4 "Б" сыныбында дене шынықтыру сабағы. Сабақтың тақырыбы: Ұлттық зияткерлік ойындар. Өткізген дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Каленов Ж.С.
29.12.2022
8 "Б" сыныбында "Бөлшек-рационал теңдеулерді шешу" тақырыбында математика сабағы. Мақсаты: квадрат теңдеулерге әкелетін теңдеулерді шешу. Өткізген математика пәнінің мұғалімі: Ермағамбетова А.С.
28.12.2022
Бүгін мектебімізде 0-4 "А" сынып оқушылары арасында жаңа жылдық ертеңгілік өткізілді. Оқушылар ертеңгілікке дайындалып, өз өнерлерін көрсетті. Жауаптылар: сынып жетекшілер, мектеп тәлімгерлері мен тәрбие ісінің меңгерушілері.
27.12.2022
Ағылшын тілі мұғалімі Наби Г.М. "Famous writers" атты тақырыпта Lesson study сабағын өткізді. Мақсаты: 6.4.2.1 understand independent specific information and detail in short, simple texts on a limited range of general and curricular topics. 6.1.6.1 organise and present information clearly to others.
27.12.2022
Оқушыларымыздың қысқы каникулы 2022 жылғы 31 желтоқсан мен 2023 жылғы 8 қаңтарға дейін жалғасады.
26.12.2022
4 "А" сыныбында Әдебиеттік оқу сабағы. Тақырыбы: "Оқыған жетер мұратқа". Мақсаты: Оқушыларға мақсатқа ұмтылушылық, мұратқа жету туралы түсінік беру, өз бетінше танып білуге, құштарлыққа, талпынысқа, ізденіске үйрету. Автор туралы мәлімет беру. Мәтіндегі негізгі ойды түсіну, сөйлеу барысында өлең шумақтарын, нақыл сөздерді қолдану. Өткізген пән мұғалімі: Досымова Б.К.
26.12.2022
3 "Б" сыныбында әлемді тану сабағы. Сабақтың тақырыбы: менің кішкентай Отаным. Сабақтың мақсаты: мекен-жайыңызды атаңыз және елді мекеннің географиялық орналасуын сипаттаңыз; өз елді мекенінің басты көшесін, ғимараттары мен көрікті жерлерін сипаттаңыз. Өткізген сынып жетекшісі: Скиртач О.А.
26.12.2022
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖІ-нен мектебіміздің түлегі Сағымбаев Ербол Ержанұлы келіп 8-9 сынып оқушылар арасында Әскери колледжімен таныстыру жұмыстарын жүргізді. Жауаптылар: тәрбие ісінің меңгерушілері Нурпеисова С.С, Хадил А. , педагог-профориентатор Хавай К.
23.12.2022
"Біз кім болғымыз келеді..." атты тақырыбында 8 "Б" сыныбымен іскерлік ойын түріндегі плакат әзірленді. Мақсаты: оқушыларды кәсіптермен таныстыру, кәсіптердің әртүрлілігі туралы білімді жалпылау, кәсіби болашағы туралы ойлау, болашақ мамандықты таңдау қажеттілігін дамыту. Жауапты: Педагог-кәсіби бағдаршы Хавай К.
22.12.2022
8 "Б" сыныбындағы дене шынықтыру сабағы: ритмикалық гимнастиканың ерікті жаттығулар кешені. Өткізген дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Кабдуалиев С.К.