Текст
17.05.2023
5 “Б” сыныбындағы қазақ тілі сабағы. Тақырыбы: Ер есімі ел есінде! Сабақтың мақсаты: 5.Ж1. Мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер жасау. Өткізген: Каменова К. С.
17.05.2023
"Отан қорғаушы" аудандық байқауы. Жауапты: АӘД мұғалімі Набиев А. М.
17.05.2023
"Үйге бақыт" отбасылық клубының отырысы мақсаты: * Баланың жеке басының қалыптасуына отбасының әсерін анықтау. * Бала өсетін ата-ана үйі қандай болуы керек екенін қарастырыңыз. * Балалар мен олардың ата-аналары арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін анықтау. * Бала тәрбиесіндегі отбасының әлеуметтік тәжірибесінің рөлін түсіну. Отбасылық клубтардың басшылары өткізді.
17.05.2023
2023 жылдың 15 мамыр күні "Алтынды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де «Отбасы – өмірдің мәнісі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі екенін түсіндіру, ақ некенің маңызы жайлы, ер мен әйелдердің міндеттері, отбасындағы өзара түсіністік туралы кеңестер беру. Көрмені ұйымдастырған мектеп кітапханашысы: Масалимова А. Е.
17.05.2023
"Балапан" шағын орталығында өткізілген сабақ. Тақырыбы: Мамандықтар. Мақсаты: балаларды әр түрлі мамандық пен таныстыру, еңбекті құрметтеуге үйрету, суретке қарап әңгіме құрау. Тәрбиеші: Мусахан Ж.
16.05.2023
"Отбасы объективінде" фотожобасы. Менің отбасым-менің артымдағы қанаттарым, оларды сындыру мүмкін емес. Менің отбасым - менің тынысым, оны жабу мүмкін емес. Менің отбасым - бұл менің үмітім. Менің отбасым - менің өмірімнің мәні, оны жоғалтпау үшін!
16.05.2023
Елге деген сүйіспеншілік табиғатты сүюден басталады. Туған жерге деген қамқорлық адамды асқақтатып, патриоттық сезімін, гүлденген Отанымызға деген мақтаныш сезімін оятады. Біз, Алтынды ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің ұстаздары мен оқушылары өз үлестерін қосып, ағаш отырғызуға, табиғатты аялап, қорғауға шақырамыз. «Жасыл мекен» челленджі аясында көшет отырғызу. Мектеп аумағына көшет отырғызуға 8-9 - сынып оқушылары, мұғалімдері белсене қатысты.
16.05.2023
Астана қаласының әкімдігінің “ҚҰРЫЛЫС-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ” МКҚК колледжінен мамандары келіп, “Алтынды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі” КММ - де 9-11 сыныптары арасында колледжінің жан-жақты таныстыру жұмыстары жүргізілді. Ұйымдастырған: Кәсіптік бағдар беруші Хавай К.
16.05.2023
“Бурабай ауданы, Шучинск қаласы, Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжі” МКҚК колледжінен мамандары келіп, “Алтынды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі” КММ- де 9-11 сыныптары арасында колледжінің жан-жақты, оқытылатын мамандықтары жайлы таныстыру жұмыстары жүргізілді. Ұйымдастырған: Кәсіптік бағдар беруші Хавай К.
13.05.2023
5 "Б" сыныбы. Тақырыбы: ҚР Мерекелері. Мақсаты: Патриоттық тәрбие. Музыка мұғалімі: Чиколонко А. И.