Текст
25.11.2022
5 "Б" сыныбында "Роза Бағланованың 100 жылдығы" тақырыбындағы сынып сағаты өтті. Мақсаты: көрнекті әншінің өмірі мен шығармашылық жолын еске түсіру, отансүйгіштік, Отанға деген сүйіспеншілік, өнер мен музыкаға тәрбиелеу. Өткізген: Каменова К.С.
24.11.2022
Мектепалды даярлық сыныбындағы үздік жазба байқауы. Конкурстың мақсаттары • үздік жазу; қолды нығайту, қимылдарды үйлестіруді жақсарту • формаларды көрнекі қабылдау қабілетін жетілдіру • парақтың, жолдың кеңістігінде, жазу элементтерінде бағдарлай білу; балаларды мектепке сапалы дайындауды қамтамасыз ету, графикалық жаттығуларды орындауға қызығушылықты қалыптастыру. Өткізген: Цыкалова Ю. С.
24.11.2022
"Жастар-22" спартакиада аясында 7-8 "А" сынып оқушылары арасындағы шахматтан аудандық жарыс. Жетекшісі: Буланбай Б.
24.11.2022
Зорлық-зомбылық жағдайларын анықтау мақсатында оқушылар арасында сауалнама жүргізілді. Өткізген педагог-психолог: Нурпеисова С.С.
24.11.2022
3 «А» сыныбында «Зерек бала» интеллектуалды ойыны өткізілді. Мақсаты: оқушылардың ой-өрісін, білімін тексеру, әр түрлі пәнге қызығышулығын арттыру. Жауаптылар: тәлімгерлер мен мектептің өзін-өзі басқару ұйымы.
24.11.2022
4 "Б"сыныбында "Ақылды және ақылдылар" интеллектуалды ойын өткізілді. Мақсаты: - оқушылардың танымдық іс-әрекетін ынталандыру, қызығушылықты дамыту. - оқушылардың ой-өрісін кеңейту және логикалық ойлауын дамыту. - оқушылардың стандартты емес сұрақтарға жауап беру қабілетін, жағдайды тез бағдарлай білу қабілетін дамыту. Жауаптылар: тәлімгерлер мен мектептің өзін-өзі басқару ұйымы. #мектеппарламенті #мектептіңөзін-өзібасқаруұйымы
24.11.2022
Сабақтың тақырыбы: "Хабарлы сөйлем", 2 "А" сынып. Сабақтың мақсаты: Мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау. Мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау. Сөйлем түрлерін айтылу мақсатына сәйкес тыныс белгілерін қою. Өткізген сынып жетекшісі: Молдаханова К.Р.
24.11.2022
"Жылыжай" жобасының жұмыс жоспары бойынша 5-7 "Б" сынып оқушылары пияз, аскөк, ақжелкен тұқымын отырғызды. Жауаптылар: Уахитова А.Е., Хадил А., Баймағамбетова Ж.С., Халат С.
24.11.2022
"Жылыжай" жобасының жұмыс жоспары негізінде 5 "А"сынып оқушыларымен аскөк тұқымы отырғызды. Жауаптылар: Баймагамбетова Ж. С., Уахитова А. Е., Хадил А., Халат С.
24.11.2022
"Жылыжай" жобасының жұмыс жоспары негізінде 7"А"сынып оқушыларымен тұқым себуге арналған қораптар дайындалды және ақжелкен тұқымы отырғызылды. Жауаптылар: Уахитова А.Е., Хадил А., Халат С., Баймагамбетова Ж.С.